Доллар аздап қымбаттады

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір – Sputnik. Қазақстан қор биржасында өткен сауда-саттық бойынша доллардың орташа бағасы 444,07 теңге болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан KASE-нің ресми сайтына сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, сауда қатысушылары 60 миллион долларға 148 келісім жасады. Бір күн бұрын мәміленің көлемі 23 миллион долларға артық болды. Сол кезде доллардың орташа бағамы 443,92 теңгені құрады. Бүгін шетелдік валюта аздап қымбаттады.
Kurs.kz сайтының мәліметіне сәйкес, ақша айырбастау пунктерінде бір долларды 444-446 теңгеден алып жатыр. Ал сату бағасы – 446-448 теңге.
Ресейлік рубльмен 103 мәміле жасалды. Жалпы көлемі 2,5 миллиард рубльді құрады. Осылайша ресейлік валютаның орташа бағамы 5,8 теңге болды.