Қоғам

Балалар арбасын ұрлаған әйелдің әрекеті камераға түсіп қалды

полиция қызметкерлері 57 жастағы әйелді ұстады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір– Sputnik. Нұр-Сұлтанда қонақтан қайтып бара жатқан әйел үй кіреберісіндегі балалар арбасын ұрлап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Балалар арбасының ұрлануына қатысты полицияға Потанин көшесінде тұратын елорда тұрғыны арызданған.
Жәбірленушінің айтуынша, құны 50 мың теңге тұратын балалар арбасы бейнебақылау камераларымен жабдықталған үй кіреберісіндегі баспалдақ алаңының астында тұрған.
Іздестіру шараларын жүргізу барысында “Сарыарқа” ауданының полиция қызметкерлері 57 жастағы әйелді ұстады.