Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті

Гүлмарал Ерекебаева жұбаныш финалында жергілікті балуан Ариунжаргал Ганбатты жеңді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір – Sputnik. Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының қоржыны қола медальмен толықты, деп хабарлайды Olympic.kz.
Гүлмарал Еркебаева Ұлан-Баторда өтіп жатқан Азия чемпионатында 76 келіде қола жүлдені жеңіп алды. Ол жұбаныш финалындағы қарсыласы, жергілікті балуан Ариунжаргал Ганбатты 7:4 есебімен жеңді.
Айта кетері, бұл әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының бүгінгі жарыстағы екінші жүлдесі. Бұған дейін 68 келі салмақ дәрежесінде Мадина Бақбергенова топ жарып, Азия чемпионы атанды.
Спорт
Қазақстандық спортшы әйелдер күресінен Азия чемпионы атанды