Білім

Талапкерлер ҰБТ-ның байқау сынағын тегін тапсыра алады

Мұғалімдердің де ұлттық біліктілік тестілеудің байқау сынағынан өту мүмкіндігі бар
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Ұлттық тестілеу орталығы талапкерлер үшін ҰБТ-ның тегін байқау сынағын іске қосты.
Байқау сынағын тапсыру үшін талапкер ЖСН-ді енгізіп, бейінді пәндерін таңдауы керек, деп мәлімдеді ҰТО.
"Байқау сынағын тапсыру арқылы талапкерлеріміз тест тапсырмаларымен танысып, өз білімін тексере алады", - деді орталықтағылар.
ҰБТ-дан бөлек, қазақстандық педагогтер арнайы порталда ұлттық біліктілік тестілеудің байқау сынағын тапсыра алады.
"Жақсы жаңалық бар": Аймағамбетов ҰБТ-ға қатысты өзгерістерді жариялады