НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Қазақстан астанасында мемлекетке 6 миллиард теңге шығын келтіргендерге қатысты сот үкімі шықты.
"Қылмыскерлер заңды рәсімдерді айналып өтіп, бағыныстағы 35 кәсіпорын атынан жалған шот-фактура жазып, ақшаны шешіп алып отырған. Алайда іс жүзінде олар ешқандай қызмет көрсетпеген, жұмыстар орындамаған және жүк тиеумен айналыспаған", - деді Қаржы мониторингі агенттігі.
Сот кінәлі алты адамға қатысты түрлі мерзімде бас бостандығын айыру жазасын тағайындады.
Сотталғандардың барлығы 10 жыл бойы кәсіпкерлік салада басшылық қызмет атқару құқығынан айырылды.