Спорт

Шавкат Рахмонов UFC-мен жаңа келісімшартқа қол қойды

Келісімшарт аясында бірнеше жекпе-жек өтеді
Sputnik
АЛМАТЫ, 19 сәуір — Sputnik. Жеңілмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов Twitter парақшасында UFC-мен жаңа келісімшартқа қол қойғанын хабарлады.
Келісімшарт аясында бірнеше жекпе-жек өтеді. Алайда келісімшарттың шарттары мен сомасы жарияланбады.
Еске сала кетсек, ақпанда Шавкат Рахмонов (15-0) UFC-дің жартылай орта салмақтағы алғашқы 15-тікке енген болатын. Рахмонов гайандық Карлстон Харристі жеңгеннен кейін құрметті жоғары орынға ие болды.
Рахмонов келесі қарсыласын жариялады. Рахмонов пен америкалық Нил Магнидің кездесуі 25 маусымда өтеді.
Спорт
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов әке атанды