Қоғам

Қарағандыда зейнеткер балконнан құлап көз жұмды

Облыстық полиция департаменті қайғылы жағдайдың болғанын растады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Қарағанды қаласында 64 жастағы ер адам өзі тұратын пәтердің балконынан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, зейнеткер Ермеков көшесінде тұрған.
18 сәуір күні кешкі сағат 18:00-дің шамасында төртінші қабаттағы пәтердің балконынан құлап, сол жерде көз жұмды.
Облыстық полиция департаменті қайғылы жағдайдың болғанын растады.
"Ер адам сол үйде өзі тұрады. Балконнан құлап, мерт болды. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - дейді полицейлер.
Сондай-ақ, қажетті сараптамалар тағайындалды.
Соның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады.