Елбасы балалармен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев жас суретшілермен сөйлесіп, жаңа экспонаттармен танысты
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Балалардың көркемөнер мектебі – ЮНЕСКО клубы оқушыларының шығармашылық жұмыстары қойылған көрмеге барды, деп хабарлады elbasy.kz.
"Менің Қазақстаным – менің жерім" атты балалар шығармашылығы фестивалі аясында Тұңғыш Президент музейінде ұйымдастырылған картиналар мен қолөнер көрмесін тамашалады", - делінген ақпаратта.
Нұрсұлтан Назарбаев Балалардың көркемөнер мектебі – ЮНЕСКО клубы оқушыларының шығармашылық жұмыстары қойылған көрмеге барды
Нұрсұлтан Назарбаев көрмеге қатысушы жас суретшілермен сөйлесіп, музейдің тақырыптық залдарындағы жаңа экспонаттармен танысты.