Өңірлер

Жаңбыр, найзағай, дауыл: синоптиктер 18 сәуірдегі ауа райын болжады

Тек республиканың батыс аудандарында жауын-шашынсыз ауа-райы болады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір – Sputnik. Қазгидромет 18 сәуірдегі ау райы болжамын жариялады.
Елдің басым бөлігінде көбінесе жаңбыр түріндегі жауын-шашын күтіледі. Еліміздің оңтүстігінде найзағай ойнап, дауыл, шаңды дауыл соғады. Тек республиканың батыс аудандарында жауын-шашынсыз ауа-райы болады. Республика бойынша желдің күшеюі байқалады.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, дауыл, облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл күтіледі, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел 15-20 м/с болады.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді. Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 23 м/с болады деп болжанған.
Павлодар облысының оңтүстігінде жел 18 м/с күшейеді. Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының батысында, Маңғыстау облысының батысында, орталығында, Ақмола, Қостанай облыстарының түнде оңтүстік-шығысында, күндіз солтүстік-батысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі, жел 17-22 м/с, Алакөл көлдерінің ауданында екпіні 25 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының орталығында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.