Экономика

Теңге бағамы биржада нығайды

Демалыс күндері ұлттық валюта 5 теңгеге нығайған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір – Sputnik. Қазақстандық KASE қор биржасындағы сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 449,3 теңгені құрады.
Сауда қатысушылары жалпы сомасы 93 млн долларға 220 мәміле жасады. Бұл 2022 жылғы 15 сәуірмен салыстырғанда 11 млн долларға көп. Ол кезде доллардың орташа бағамы биржада 454,45 теңге болған.
Kurs.kz порталының мәліметінше, айырбастау пунктері долларды орташа есеппен 447-449 теңгеге сатып алып, 452-455 теңгеден сатып жатыр.
Биржадағы теңге-рубль жұбының саудасына келсек, бір күнде 1,8 млрд рубльге 74 мәміле жасалды. Осылайша рубльдің орташа бағамы 5,65 теңгені құрап отыр.
200 теңгелік қағаз ақша жарамды ма – Ұлттық банк жауап берді