АЛМАТЫ, 18 сәуір – Sputnik. Қазгидромет мамандары 19-21 сәуірдегі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Синоптиктер болжамына сәйкес, алдағы үш тәулікте ел бойынша ауа райы құбылмалы. Жауын-шашын жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында қатты жел соғып, қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін.
Елдің орталығы мен шығысында ауа температурасы біртіндеп төмендейді, түнде -3C...+5C, күндіз +5...+15C жылы болады. Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде 20C дейін жылы болады.
Ірі қалалардағы ауа райы
Нұр-Сұлтанда 19 сәуірде күн бұлтты, түнде +5C, күндіз +14C болады. 20 сәуірде түнде +10C, күндіз +17C жылы. 21 сәуірде жаңбыр жауады, түнде +6C, күндіз +11C.
Алматыда 19-20 сәуірде күн бұлтты, түнде +13...+18C, күндіз +20...+25C болады. 21 сәуірде жаңбыр жауады, түнде +13C, күндіз +18C көрсетеді.
Шымкентте 19 сәуірде күн бұлтты, түнде +17C, күндіз +26C көрсетеді. 20-21 сәуірде жаңбыр жауады, түнде +12...+15C, күндіз +19...+22C болады.