"Алматы спецтехпаркинг сервис" директоры екі айға қамауға алынды

Sputnik
АЛМАТЫ, 18 сәуір – Sputnik. Алматыда "Алматы СпецТехПаркинг сервис" директоры Марат Пірінбеков екі айға қамауға алынды, деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.
"Тергеу сотының қаулысы бойынша сотқа дейінгі тергеу органының өтінішхаты қанағаттандырылды. "Алматы СпецТехПаркинг сервис" ЖШС директорына қатысты сот 2 ай мерзімге, яғни 2022 жылдың 15 маусымына дейін қамауда ұстау түрінде бұрын таңдалған бұлтартпау шарасын санкциялады", - деп нақтылады сот.
Марат Пірінбеков в 2008-2012 жылдары Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі қызметін атқарған. Ол 2016 жылы "Алматы СпецТехПаркинг сервис" ЖШС басқарды. Дәл сол жылы Алматыда ақылы автотұрақтар енгізілді.
Айта кетері, бұған дейін Алматыдағы ақылы автотұрақтарды басқаратын "AlanParking" ЖШС басшысы Мұхтар Базарбаев қамауға алынды. Қаржы мониторингі агенттігі аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен "Алматы тұрағы" (A-Parking) жобасының жауапты тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
Өңірлер
Алматыда "AlanParking" ЖШС бас директоры ұсталды