Түркия ресейлік туристерді тарту үшін жаңа әуекомпаниясын іске қосады

Түрік билігінің жоспарына сәйкес, биыл Түркияда 2,5-тен 3,5 миллионға дейін ресейлік туристер демалады
Sputnik
АЛМАТЫ, 17 сәуір – Sputnik. Түркия мамырдың аяғынан бастап ресейлік туристерді түрік курорттарына тасымалдау үшін жаңа Southwind авиакомпаниясын іске қосты. Бұл туралы AirportHaber түрік басылымы хабарлады.
"Әуекомпаниясын құру – Түркияға Ресейден туристерді тарту үшін жүзеге асырылатын үш кезеңдік жол картасының бір тармағы. Southwind 1 миллион жолаушыға дейін тасымалдайды деп болжанып отыр", - деп хабарлады түрік басылымы.
Бірінші кезеңде бес Airbus ұшағы іске қосылады. Түрік билігінің жоспарына сәйкес, биыл Түркияда 2,5-тен 3,5 миллионға дейін ресейлік туристер демалады.
2019 жылы Түркияға 7,9 миллион турист барған.
Пандемияға байланысты бұл көрсеткіш 2021 жылы 4,9 миллионға дейін төмендеді.