Спорт

Тарихи жетістік: қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы әлем чемпионатында "күміс" иеленді

17 жастағы Михаил Шайдоров негізгі бағдарламада 234,31 ұпай жинады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдаров жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Эстонияның Таллин қаласында мәнерлеп сырғанаудан жастар арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Ұлдар арасында жеке бағдарламада өнер көрсеткен 17 жастағы қазақстандық Михаил Шайдаров күміс жүлдеге ие болды. Негізгі бағдарламада ол 234,31 ұпай жинады.
Алтын медальді АҚШ өкілі Илья Малинин жеңіп алса, қола медаль жапон спортшысы Татсуя Тсубоиға бұйырды.
Айта кетері, бұл мәнерлеп сырғанау бойынша қазақстандық спортшылар үшін тарихи жетістік. Бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан жастар арасындағы әлем чемпионатында ешкім медаль алмаған.
Спорт
Нариман Құрбанов алтын медаль жеңіп алды