Денсаулық

Дәрігерлер дауыстың өзгеруі қатерлі ісік белгісі болуы мүмкін екенін ескертті

Мамандар ауыз қуысындағы қатерлі ісікті анықтау әдістерін бөлісті
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Англияның ұлттық денсаулық сақтау қызметі адамның даусынан қатерлі ісікті қалай анықтауға болатынын айтты.
Сарапшылар дауыстың өзгеруіне назар аударуға кеңес берді, деп хабарлайды lenta.ru.
Бұған қоса, жұтынудың қиындауы, салмақ тастау, қан ағу, босаған тістер, жақ сүйектің қозғалысындағы қиындықтар, сондай-ақ шырышты қабықтағы қызыл және ақ дақтар қатерлі ісіктің симптомдары болуы мүмкін.
Мамандар ауыз қуысындағы ісік беттің ішкі жағына, ерін мен қызыл иекке шығуы мүмкін екенін ескертті.
Егер жоғарыда аталған белгілер кездессе, дәрігерге қаралған жөн. Бірақ бұл симптомдар басқа аурулардан да хабар беруі мүмкін.
Ғалымдар көру қабілетіне ең зиянды тағамдарды атады