Ақтөбеде тексерістен кейін коммуналдық қызмет тарифтері төмендетілді

Aqtobe su-energy group АҚ-ға 9,3 миллион теңге айыппұл салынды
Sputnik
АЛМАТЫ, 17 сәуір – Sputnik. Ақтөбе қаласындағы Астана ауданының прокуратурасы мен монополияға қарсы департамент "Aqtobe su–energy group" АҚ жұмысын тексеріп, бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды "Диапазон".
"Монополист 892 миллион теңгеден астам сомаға сумен жабдықтау, су тартужәне жылумен қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметті орындамаған. Прокуратураның араласуынан кейін 1 қаңтардан бастап 1 жылға уақытша өтемдік тариф енгізілді. Тұтынушылар үшін сумен қамтамасыз ету қызметі бойынша тариф 2,16%-ке, су тарту 0,37%-ке және жылумен қамтамасыз ету 4,31%-ке төмендеді", - делінген ақпаратта.
Облыстық прокуратураның хабарлауынша, тұтынушыларға төмендетілген тарифтерді ескеріп, жаңа шот жіберіледі.
Ал Aqtobe su-energy group АҚ-ға 9,3 миллион теңге айыппұл салынды.