Қоғам

Алматыда утилизациялық алымға қарсы митинг өтіп жатыр

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Алматыда "Утиль алымына жол жоқ" қозғалысының белсенділері ұйымдастырған митинг өтіп жатыр.
Утиль алымына қарсы митинг
Шоқан Уәлиханов алаңына әзірге 100-ге жуық адам жиналған.
Ұйымдастырушылар акция қатысушыларынан митинг тақырыбынан ауытқымай, арандатушыларға ермеуді сұрады.
Утиль алымына қарсы митинг
Митингте саясаткерлер Санжар Боқаев пен Болат Әбілов сөз сөйледі. Олар автокөліктер үшін утилизациялық алымды мүлде алып тастауды немесе оның мөлшерін 100 мың теңгеден асырмауды талап етті.
Қазақстанда жаппай наразылықтан кейін барлық көлік түрі мен ауыл шаруашылығы техникасына утилизациялық алым мөлшерін екі есе төмендету туралы шешім қабылданды. Утилизациялық алымның жаңа мөлшерін келесі аптада бекітеді – тарифтер 50 процентке төмендейді.