Қоғам

Қазақстан мен Ресей құс тұмауына байланысты енгізілген шектеулерді алып тастады

Өнім жеткізуге шектеу екі елдің бірқатар өңіріндегі құс тұмауы бойынша қолайсыз ахуалға байланысты енгізілген болатын
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. Құс тұмауына байланысты Қазақстан мен Ресейдің жекелеген өңірлерінен өнім жеткізуге енгізілген шектеулер алынып тасталды. Бұл туралы Россельхознадзор баспасөз қызметі хабарлады.
Мәскеуде Россельхознадзор басшысының орынбасары Константин Савенков пен Қазақстанның ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің басшысы Асқар Жақыпбаевтың келіссөздері өтті.
Тараптар өзара шектеулерді алып тастау туралы құжаттарға қол қойды. Бұған дейін екі елдің бірқатар өңірінде құс тұмауына байланысты өнім жеткізуге шектеу енгізілген болатын.
Осылайша 14 сәуірден бастап Ростов, Саратов облыстарының, Ставрополь өлкесінің эпизоотиялық жағдайы жақсарған аудандарынан және Челябі облысы мен Башқұртстан аумағынан толығымен, ал қазақстандық тараптан – Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар және Ақмола облыстарынан құс шаруашылығы өнімдерін жеткізу қайта жанданды.
Өңірлер
Бағаны өсірген құс фабрикаларына айыппұл салынуы мүмкін