Елорда тынысы

Елордада жылу беру маусымы қашан аяқталады

Әлеуметтік нысандарға жылу беру тоқтатылмайды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. 18 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан тұрғындарының үйлеріне жылу беру тоқтайды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жылу беру маусымына дайындық және оны өткізу ережелеріне сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласында орташа тәуліктік сыртқы ауа температурасы күнтізбелік бес күн бойы +10°С және одан жоғары болса, жергілікті атқарушы орган жылу беру маусымын аяқтау туралы шешім қабылдайды.
"Бесінші күн 17 сәуірге түсіп тұрғанын ескеріп, 18 сәуірден бастап жылуды өшіру туралы шешім қабылданды", - делінген хабарламада.
Бірақ, әкімдік ақпаратынша, әлеуметтік нысандарға жылу беріледі.