Экономика

Теңге биржада тағы әлсіреді

Ұлттық валюта бес теңгеге арзандаған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Қазақстандық KASE қор биржасындағы сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 454,45 теңгені құрады.
Сауда қатысушылары жалпы сомасы 82 млн долларға 227 мәміле жасады. Бұл бір күн бұрынғыға қарағанда бір миллионға көп. Ол кезде доллардың орташа бағамы 449,53 теңге болған еді.
Kurs.kz порталының мәліметінше, айырбастау пунктері долларды орта есеппен 451-455 теңгеге сатып алып, 456-459 теңгеге сатып жатыр.
Ал рубльдің орташа бағамы 5,67 теңге болды. Нарық қатысушылары 2,5 млрд рубльге 96 мәміле жасады. Бұл кешегі күнмен салыстырғанда 1,6 миллиардқа артық.
Экономика
Halyk Bank "Сбербанк Қазақстаннан" 330 млрд теңгенің кредиттерін сатып алды