НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Павлодар облысында мектепте өрт шығып, бес бала ауруханаға жеткізлід, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
"15 сәуірде сағат 11-06-да № 1 мектепте өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт мектептің кітап сақтау кабинетінде тұтанған. Өртің аумағы 15 шаршы метр", - делінген хабарламада.
Өрт сөндірушілер келгенге дейін мектептен 479 адам, оның ішінде 414 бала эвакуацияланды. Сағат 11-41-де өрт сөндірді.
Жедел жәрдем бригадасы өрт орнынан ауруханаға 5 адамды алып кетті.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.