НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Қостанай облысында мектеп мұғалімі суицид жасады. Ер адам кәмелет жасқа толмаған бұрынғы оқушысымен жақын араласқан, деп хабарлады Tobolinfo.kz сайты.
Жақында Әулиекөл ауданында 42 жастағы ауыл мұғалімі мен Қостанайдан келген ер адам төбелесіп қалған. Осыдан кейін жергілікті педагогтың бұрынғы оқушысымен жыныстық қарым-қатынаста болғаны туралы әңгіме тарай бастайды.
"Жыныстық қатынасқа түсу фактісі бұрын болған. Ол кезде қыз мектепте оқып, спортпен айналысатын. Артынан Қостанайға кетіп қалды. Қазір 17 жаста. Сол жақта қыз 50 жастағы ер адаммен танысып, алғаш рет мұғаліммен жыныстық қатынасқа түскенін айтқан ғой. Ол сазайын тарттырамын деп, осында мұғалімді ұрып кетуге келген. Сосын зорлау туралы арыз түсіремін деп қорқытқан", - дейді жергілікті тұрғындар.
Содан мектеп мұғалімі өз-өзіне қол салған. Облыстық полиция департаменті суицид болғанын растады. Қазіргі кезде тергеу басталды. Мұғалімнің артында әйелі мен үш баласы қалды.