НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтанның полицейлері бірнеше көліктің әйнегін сындырған бұзақыны ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, ер адам түнгі уақытта Біржан Сал көшесіндегі тұрғын үйдің ауласына шығып, бірнеше көліктің әйнегін сындырған.
"Полиция қызметкерлері аталған үйде пәтер жалдап тұратын Екібастұз қаласының 40 жастағы тұрғынын ізін суытпай ұстады. Ол мас күйінде тоғыз автокөліктің әйнегін сындырып тастаған", - дейді департамент қызметкерлері.
Күдікті полицияға жеткізілді. Бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Автокөлік иелеріне келген залалдың сомасы анықталып жатыр.