НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Атырау облысында мүгедектерден пара алып келген басшыларға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы мен осы ведомствоның бөлім басшысы тергеуге алынды.
Олар мүгедектікті кедергісіз ұзартқаны үшін жүйелі негізде мүгедектерден 30 мыңнан 70 мың теңгеге дейін пара алып келген.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.