Қазақ мәдениеті үшін тағдыр тәлкегіне ұшыраған екі жастың қайғылы махаббаты туралы жырдың мәні ерекше.
Бұл трагедиялық махаббат хикаясы туралы пьеса, фильмдер мен балет отандық өнердің қазынасына сән беріп үлгерді.
"Астана Балет" театры осы туындыға арнап өзінің хореографиялық новелласын жасауды ұйғарды.
Театр бұл жырды Қазақстанның таңғажайып табиғаты аясында түсірілген қысқа балеттік эскиз түрінде ұсынды.
Ел аузында ғашықтар Шығыс Қазақстан облысындағы Таңсық ауылы маңындағы кесенеге жерленген деген мәлімет бар.
1982 жылы қабір үстіндегі кесене тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізіліп, мемлекет қорғауына алынды.
2013 жылы Аягөз қаласында (Шығыс Қазақстан) қос ғашықтың құрметіне ескерткіш орнатылды.