АҚШ қаржы министрі Үндістан мен Қытайға талап қойды

Ресейге қарсы бағытталған санкциялар енді орыс мәдениетіне тыйым салуды қарастырып жатыр. РФ президенті Владимир Путин мұны "мәдениетті жою" деп атады. Бұл туралы РИА Новости жазды.
Sputnik
Ресейдің батыстағы стратегиялық қарсыластары орыстарды мейлінше жылдам оқшаулауды көздеп отырғаны анық. Соңғы жиырма жылда ұжымдық Батыс өз мәдениетін ұсақтап жіберді. Өйткені авторлық фильмнен бастап жеңіл комедияға дейін, романнан бастап поэзияға дейін барлығы құнсызданып кетті.
Экрандар мен кітап парақтары гендерлік теңдікті, адамды түсіне және нәсіліне қарай бөлмеу сынды өте көп ереженің құрсауында қалып қойды. Сондықтан классикалық орыс мәдениеті еуропалық көне өнерді қаз-қалпында көрсететін құнды мәдениетке айналды. Бұл шұғыл шара қолдануды қажет етті.
Экономика саласына қайта оралсақ, АҚШ қаржы министрі Джанет Йеллен Батыспен де, Ресеймен де сауда байланысын сақтап қалуға тырысып, нақты шешімге келе алмай отырған елдерге қатысты шарттарды жария етті. Бұл ең алдымен Қытай мен Үндістан. Келесі аптада Дүниежүзілік валюта қоры мен Дүниежүзілік банк ұйымдастыруымен әлем елдері қаржы министрлерінің кеңесі жоспарланып отыр.
Жиын Вашингтонда өтеді. Йеллен ханым өз мәлімдемесінде аталған қос ұйым да тікелей АҚШ-тың бақылауында екенін аңғартты. Джанет Йеллен әлемнің ірі экономикаларына саяси талап қойып отыр. Ол Қытай, Үндістан, Африка мен Оңтүстік Америка елдері америкалық антиресейлік санкцияларға қосылуын көздейді.
"Йеллен ханым Қытайдан Украинадағы қақтығысты тоқтату үшін Ресейге қысым көрсетуді ашық талап етті. Егер Бейжің қарсылық танытса, онда америкалық серіктестер оларға да санкция қолданатынын меңзеді. Шындығында, АҚШ-тың қаржы министрі өз елінің экономикасына көбірек алаңдағаны жөн болар еді. Өйткені күні кеше елде соңғы жарты ғасырдағы ең жоғарғы инфляция тіркелді", - деп жазылған материалда.
Бұл жағдайдың ондаған жылдар бойы рубльдің құбылмалылығына қарамастан, тұрақтылықты сақтап келе жатқан Ресей экономикасына еш қатысы жоқ. АҚШ доллары ешқашан құбылмалы болған емес. Сондықтан қазіргі ахуал америкалықтарды есеңгіретіп отыр.
Либералды экономика маманы, Нобель сыйлығының лауреаты Пол Кругман The New York Times оқырмандарына бүгінгі рекордтық инфляция Америкадағы тым жоғары жалақы салдарынан туындап отырғанын айтты.
Бірақ оқырмандар жалақы қырық жылдан бері тұралап қалғанын, сондықтан бұл уәж негізсіз екенін айтты. Оқырман пікірін оқымайтын Кругманның басты мақсаты жалақыны төмендету болып отыр.
30 триллион қарызы бар, дүкен сөрелері босап, бензин мен азық-түлік бағасы шарықтап жатқан елдің қаржы министрі әлемнің бірінші орындағы экономикасы – Қытайға не істеп, нені қою керектігі туралы талап қойды.
Түптеп келгенде, АҚШ – ғаламшардағы басты қарыз алушы, оның кредиторы тап осы Қытай. АҚШ-тың Қытай алдындағы қарыз міндеттемесі үш триллион доллардан асты. Қытайларға қысым көрсету тетігі қолында болмаса да, АҚШ аспан асты еліне талап қойып отыр. Анығында, америкалықтар Тайвань аралын Қытайға қарсы қою арқылы өз дегеніне қол жеткізбек.
Дәл Ресей мен Украина арасындағы жағдай. Экономистер қазіргі ұжымдық батыс пен қалған басқа әлемнің қарсылығын "қарыз алушылар соғысы" деп сипаттап отыр. Материал авторы атап өткендей, АҚШ әлем елдерінің экономикасы нығайып, олардың дамыған елдер қатарына кіруін қаламайды. Себебі бұл Американың әлемдік үстемдігіне кедергі болар еді. Жалпы батыс елдері "жаһандық жылу", одан кейін коронавирус пандемиясы кезінде вакцина сату арқылы әлем елдерін тонап жатты. Енді Ресейдің Украинадағы арнайы операциясын сылтау етіп, дамушы елдерді шығынға батырып жатыр.
Бүгінде бүкіл әлем елдері Ресейдің санкциялар қысымында қалай экономикасын сақтап қалатынын асқан қызығушылықпен бақылап отыр. Өйткені Ресей бұл қысымға төтеп беріп, құлдырамаса, онда АҚШ-тың басқа елдерге көрсетіп жатқан әскери-экономикалық қыспағынан құтылуға болатынына әлемнің көзін жеткізеді. Ресей өз болмысына сатқындық жасамас үшін берілуден бас тартты.