НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жемқорлық жасады деген күдікпен өңірдегі төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасарын ұстады.
Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады. Алматы облысы ТЖД бастығының орынбасары үйқамақта отыр. Сонымен қатар Алматы облысы Қапшағай қаласы төтенше жағдайлар бөлімі бастығының қылмысы әшкереленді. Олар алдын ала сөз байласу арқылы казино өкілінен 1000 АҚШ доллары сомасында жалпы қамқорлық үшін пара алған.
Тергеу жалғасуда. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне сәйкес басқа мәліметтер жарияланбайды.