Жел, найзағай, тұман: синоптиктер 15 сәуірдегі ауа райына болжам жасады

Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, найзағай болады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір – Sputnik. Қазгидромет 15 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Циклонның әсерінен елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауып, найзағай болады.
Ел аумағының қалған бөлігіне антициклон жотасы әсер етеді, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік-батыста, солтүстікте тұман түседі.
Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай, облыстың солтүстігі мен шығысында жел 18-23 м/с күшейеді, күндіз Жалаңашкөл ауданында екпіні 28 м / с жетеді.
Батыс Қазақстан облысының батысында-найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында – жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде-найзағай, облыстың солтүстік-батысында – жел 16 м/с күшейеді, Қостанай облысының батысында – тұман, найзағай күтіледі, күндіз облыстың шығысында-жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман, найзағай күтіледі, күндіз облыстың шығысында-жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман, күндіз солтүстікте, облыстың батысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының күндіз батысында, орталығында, оңтүстігінде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.
Күндіз Атырау облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында 15-20 м / с жел тұрады, түнде және таңертең Қызылорда облысының батысында найзағай ойнайды.