Қоғам

Тоқаев елордада өтетін АӨСШК саммитінің дайындығымен танысты

Саммит 12-13 қазанда Нұр-Сұлтанда өтеді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығының атқарушы директорын қабылдады.
Мемлекет басшысына Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығының қазіргі жұмысы туралы мәлімет берілді.
Биылғы 12-13 қазанда Қазақстан астанасында өтетін АӨСШК-нің VI саммитіне дайындық барысына ерекше назар аударылды.
Кездесуде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті Азиядағы ынтымақтастық жөніндегі толыққанды халықаралық ұйымға айналдырудың перспективалары талқыланды.
Осы маңызды міндетті жүзеге асыру – Қазақстан төрағалығының басымдығы.