Лауазымын асыра пайдаланған полиция қызметкерлері ұсталды

Процестік іс-шаралар барысында іске қатысы бар қаражат тәркіленді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері полицияның жеке қауіпсіздік бөлімшесімен бірлесіп, Ақмола облысы полиция департаментінің басқарма басшысы мен аға жедел уәкілін ұстады.
Бұл азаматтар лауазымдық өкілеттігін асыра және теріс пайдаланды деген күдікке ілінді, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Процестік іс-шаралар барысында тергеліп жатқан іске қатысы бар қаражат тәркіленді.
Ұсталған тұлғаларға қатысты "күзетпен қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы тағайындалды.
Қылмыстық кодекстің 361-бабының 2-1-бөлімі (Лауазымдық өкілеттігін теріс айдалану) және 362-бабының 4-бөлімінің 3-тармағы (Билікті немесе лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану) бойыншша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.