Елорда тынысы

Елордада жаңа көпірдің құрылысы басталды – видео

Нұр-Сұлтанда Есілдің оң және сол жағалауын жалғайтын тағы бір көпір салынып жатыр. Ауқымды құрылыс қалай жүріп жатқанын Sputnik Қазақстан тілшісі Владислав Воднев бақылап қайтты
Sputnik
Владислав құрылыс алаңында түсірілген видеоны әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеген.
Есіл өзені елорданы "ескі" және "жаңа" бөліктерге бөліп тұр. Жағалауларды қаланың әртүрлі бөлігінде алты көпір жалғайды.
Алайда қарбалас уақытта көпірлердің бәрі дерлік кептелісте тұрған көліктерге толады. Халық санының қарқынды өсіп жатқанын ескерсек, көпірлерге жүктеме одан сайын ұлғаятыны сөзсіз. Сол себепті жаңа көпірдің құрылысы – елорданың көлік инфрақұрылымын дамытудың маңызды мәселесі.
Құрылыс қалай жүріп жатқанын видеодан көріңіз.