Доллар бағамы төмендеді

Ұлттық банк бекіткен 14 сәуірдегі доллардың ресми бағамы - 450,17 теңге
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір – Sputnik. Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Қазақстан қор биржасына (KASE) сілтеме жасап.
Сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 449,53 теңгені құрады. Кеше, 13 сәуірде, доллар бағамы 449,99 теңге болған.
Ұлттық банк бекіткен 14 сәуірдегі доллардың ресми бағамы - 450,17 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы - 452,78 теңге, сату құны - 457,95 теңге.
Нұр-Сұлтанда доллардың сатып алу құны - 451,88 теңге, сату құны 455,70 теңге.