НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір – Sputnik. Алматыда мұғалім біліктілік тестін тапсырып жатқанда қайтыс болды.
Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға Алматыдағы Логистика және көлік академиясында болған.
"1973 жылы туған ер адамның қайтыс болу фактісі Алмалы полиция басқармасында тіркелді. Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп хабарлады Алматы полиция департаменті.
Сондай-ақ ер адамның жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмғаны, біліктілік тестінен өту орнында медицина қызметкерлері болмағаны анықталды.