Қоғам

Қостанай облысында құрбысына қонаққа келген әйел оның мәйітін тапты

Аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Sputnik
АЛМАТЫ, 13 сәуір – Sputnik. Қостанай облысы Лисаковск қаласындағы пәтерлердің бірінен 56 жастағы әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 8 сәуірде әйел құрбысының үйіне қонаққа барған, алайда барған кезде оның мәйітін тапқан.
Үйдің есігі ашық болған.
Оқиғаға байланысты сот-медициналық сараптама жүргізілді, нәтижесінде әйелге зорлық-зомбылық көрсетілгені анықталған.
Аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмысты ашу мақсатында жедел-тергеу тобы құрылды.