Қазақстан мен Ресей бірлескен оқу-жаттығу өткізді

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Қазақстанда ТМД елдерінің "Өңірлік қауіпсіздік-2022" әуе шабуылына қарсы қорғаныс бойынша бірлескен жүйенің команда-штабтық оқу-жаттығуы өтті.
Сәрсенбіде ТМД елдері Қорғаныс министрлері кеңесінің жанындағы Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері мәселелері жөніндегі үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары генерал-полковник Юрий Грехов атап өткендей, Қазақстан мен Ресей әуе шабуылына қарсы қорғаныс бойынша Бірыңғай өңірлік жүйенің күштерін қолдануды пысықтау оқу-жаттығудың басты міндеті болды, деп хабарлады РИА Новости.
"Орталық Азия ұжымдық қауіпсіздік аймағында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Бірыңғай өңірлік әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі әскерлерінің (күштерінің) ұрыс қимылдарын дайындау және жүргізу кезіндегі өзара іс-қимыл мәселелерін пысықтау, әскер күшін бірлесіп қолданудың проблемаларын зерттеу бірлескен оқу-жаттығудың негізгі мақсаты мен міндеті болды", - деді Грехов.
Сонымен қатар әскердің жауынгерлік құрамын жетілдіру және оларды қолдану тиімділігін арттыру жолдарын іздеу де негізгі мақсаттың бірі ретінде қарастырылды.
"Алдағы уақытта мұндай оқу-жаттығуды 2024 жылы өткізу жоспарланып отыр", - деді генерал.
Еске салсақ, 5-16 сәуір аралығында Қазақстанда Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарының, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларының аумағында "Батыл тойтарыс" әскери оқу-жаттығуы өтіп жатыр.
Әскери іс-шараға Қарулы Күштердің құрамалары мен бөлімдері, басқа да әскер мен әскери құрылым, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды.