Қоғам

Оралда көші-қон полициясының бөлім басшысы парамен ұсталды

Ол ақша үшін анықтаманы жылдам істеп беруге уәде еткен
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір - Sputnik. Орал қаласында пара алғаны үшін айыпталып отырған көші-қон полициясының бөлім басшысын қамауға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Уральская неделя" порталына сілтеме жасап.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, Қанат Мұқанов 11 сәуір күні 50 мың теңге көлемінде пара алған кезде ұсталды.
Осы ақша үшін қажетті анықтаманы жылдам істеп беруге уәде еткен көрінеді. Полиция басшысы құрықталып, қалалық уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.
Полиция департаменті әріптесінің ұсталуына қатысты түсініктеме бермеді.
Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мұқановтың құрықталғанын растады.
Облыстық соттың мәліметіне сәйкес, қылмыстық іс материалдары тергеу сотына әлі түскен жоқ.