Оралда көші-қон полициясының бөлім бастығы қамауға алынды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында мамандандырылған тергеу соты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өңірдегі тергеушісінің өтінішін қарады.
Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот санкциясымен полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің бастығы Қанат Мұқанов екі айға қамауға алынды, деп жазды "Мой город".
Алдын ала мәлімет бойынша Мұқанов 11 сәуірде анықтаманы жеделдетіп бергені үшін 50 мың теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен ұсталған.
Мұқанов Оралдағы уақытша ұстау изоляторында болды. Полиция департаменті полицейдің ұсталуына қатысты пікір білдірмеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мұқановтың ұсталғанын растады.