Аңдатпа

Қазақстанда 14 сәуірде қандай маңызды оқиғалар болады

Sputnik Қазақстан 14 сәуірде өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)
Sputnik
14 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
НҰР-СҰЛТАН
9.00 14-15 сәуір – Әзербайжан, Армения, Грузия, Қазақстан, Корея Республикасы, Қырғызстан, АҚШ, Тәжікстан және Өзбекстан өкілдерінің қатысуымен цифрландыру мәселелері бойынша өңірлік конференцияөтеді. Конференцияның бірінші күні, 14 сәуірде Орталық Азия мен Кавказдың 7 елінің үкімет қызметіне, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді цифрландыру саласына инновацияларды енгізудегі қажеттіліктеріне қатысты зерттеу нәтижелері таныстырылады.
Конференцияның ашылуында мына спикерлер сөз сөйлейді: Әлихан БАЙМЕНОВ, Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы; Мин Сун ЙОНГ, Корея Республикасы ішкі істер және қауіпсіздік министрлігі (MOIS) цифрлық ресурстар саясаты бөлімінің директоры; Якуп БЕРИШ, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі; Арман ӘБДІРАСІЛОВ, "Зерде" ұлттық холдингінің басқарма төрағасы, БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік мәселелер департаменті цифрлық үкімет секторының меңгерушісі Винченцо АКУАРО.
Конференцияны өткізу уақыты: тіркеу – 09.00, ашылуы – 10.00. Өтетін орны: 14 сәуір – Марриотт қонақ үйі, 3-қабат, "Балқаш-Теңіз" залы. 15 сәуір – Astana Hub халықаралық IT стартаптар технопаркі (EXPO-2017 ғимараты), Мәңгілік ел даңғылы, 55/8, павильон 4.6. БАҚ-ты аккредиттеу үшін: 8701 343 6376, 42-12-87.
11.00 – "Жедел басқару орталығының бейнебақылау операторлары қылмысты анықтап, ізін суытпай ашуға көмектесуде" деген тақырыпта брифинг. Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Орынбор көшесі, 9 (Есіл ауданының полиция басқармасы, 3-қабат).
12.30 – Орталық коммуникациялар қызметінде "Мемлекет басшысының "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы" баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, әділет министрі Қанат Мусин. Трансляцияны Youtube-те онлайн көруге болады.
14.30 – "Қазақстан Республикасында онкологиялық көмек көрсетудің қолжетімділігін қамтамасыз ету" тақырыбындағы баспасөз конференциясы. Спикерлер: Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры, денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас онкологы; Қазақстанның Онкологтар қауымдастығының президенті Қайдарова Диляра Радикқызы; денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнәр Қасенқызы Жанғарашева; "Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық" ЖШС басқарма төрағасы Кулкаева Гүлнәр Өтепбергенқызы; Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің көпсалалы медицина орталығының директоры, Нұр-Сұлтан қаласының бас онкологы Төлеутаев Мұхтар Есенжанұлы. Трансляцияны Youtube желісінен көруге болады.
16.00 – Мәскеу бизнес орталығының мәдени-демалыс кеңістігінде "Особые миры Сергея Калмыкова" көрмесінің салтанатты ашылуы. (Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 18, 3-қабат).