Оқиға

Қарағандыда бойжеткен пойыздың астына түсіп көз жұмды

Машинист тежегішті шұғыл іске қосқанымен, қашықтықтың тым қысқалығынан құрамды тоқтату мүмкін болмады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір — Sputnik. Қарағандыда бойжеткен пойыздың астына түсіп қайтыс болды, деп хабарлады ҚТЖ.
Оқиға 10 сәуірде Сортировочная-Құлайғыр учаскесінде болған. Қыз жүк пойызының алдындағы жолға жүгіріп шыққан.
Машинист тежегішті шұғыл іске қосқанымен, қашықтықтың тым қысқалығынан құрамды тоқтату мүмкін болмады.
Қыздың кім екені анықталды. Оның жасы 18-де.
"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ пойызды бірден тоқтату мүмкін еместігін еске салады. Жылдамдығы сағатына 80 км кезінде машинистің тежегішті шұғыл қолданғанымен, пойызды тежеу жолы кемінде 900 метрді құрайды", - делінген хабарламада.
Ұлттық компания марқұмның жақындарына көңіл айтты.