Фото

Алматыдан Гаванаға дейін: Гагариннің ғарышқа сапарын әлем халқы қалай қабылдады – фото

1961 жылдың 12 сәуірінде бүкіләлемдік ауқымдағы оқиға болды – адамзат баласы алғаш рет ғарышқа аттанды
Sputnik
Кеңес Одағының әскери ұшқышы Юрий Гагарин осы маңызды миссияны орындаған азаматқа айналды.
Юрий Гагарин басқарылатын ғарыш кемесімен Жерді айналып өтіп, 108 минуттан кейін қайта оралды. Бұл ұшу мінсіз орындалды және осы айтулы оқиғадан кейін астронавтты бүкіл әлем таныды. Өйткені адамның ғарышқа аттануы барлық адамның қызығушылығын тудыратын ауқымды шара еді.
Гагаринның сапарына ғаламшардағы барлық құрлықтағы адамдар ерекше мән берді. Олар үшін ол жер жүзіне саяхатқа аттанып, асқақ армандардың орындалуына шабыттандыратын үлгіге айналды.
Әлем халқы ғарышқа аттанған алғашқы ғарышкерге қандай сый-құрмет көрсеткені туралы толығырақ Sputnik суреттер топтамасынан оқи аласыз.
1 / 16

Алматы тігін фабрикасының жұмысшылары 1961 жылдың 12 сәуірінде Юрий Гагариннің алғаш рет ғарышқа ұшқаны туралы радиохабарды тыңдап отыр.

2 / 16

Юрий Гагарин Варшавада. Адамзат баласының тұңғыш рет ғарышқа аттанғаны туралы ТАСС хабарламасы әлемдегі ең көп таралған жаңалыққа айналды.

3 / 16

КСРО ұшқыш-ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры Юрий Алексеевич Гагариннің Норвегияға сапары. Аты аңызға айналған ғарышкер Берген қаласындағы орта мектеп оқушыларының ортасында тұр.

4 / 16

Восток-1" ғарыш кемесімен ғарышқа сапарды сәтті орындаған Жер шарының тұңғыш ғарышкері Юрий Гагаринмен Мәскеудегі салтанатты кездесу. Мәскеуліктер балкон мен үй шатырына шығып, батыр ғарышкерге қошемет көрсетіп жатыр.

5 / 16

КСРО ұшқыш-ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры Юрий Гагариннің Жапонияға сапары. Хоккайдо аралының тұрғындары әлемдегі тұңғыш ғарышкерді зор құрметпен қарсы алды.

6 / 16

Ғарышкер Юрий Гагариннің жұбайы Валентина күйеуінің Жерге оралуын тағатсыздана күтіп отырған сәт.

7 / 16

Мәскеуліктер газет киоскісінің жанында тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннің ғарышқа сарапы туралы хабарламаны оқып жатыр.

8 / 16

Юрий Гагарин вице-президент және елдің қарулы күштерінің бас қолбасшысы маршал Абдель Хаким Амердің шақыруымен Мысырда болып қайтты. Кеңестік батыр-ғарышкермен кездесу кезіндегі Александрия кеме жасау кәсіпорнының жұмысшылары.

9 / 16

Француз газеттері 1961 жылдың 12 сәуірінде кеңестік ғарышкер Юрий Гагариннің ғарышқа аттанғаны туралы хабар таратқан.

10 / 16

Юрий Гагарин Министрлер кеңесінің төрағасы Фидель Кастроның жеке шақыруымен Кубаға ұшып келді. Ғаламшардың тұңғыш ғарышкері Юрий Гагарин Гавана қаласының тұрғындарына амандасып, қол бұлғап тұр.

11 / 16

Орыс ғарышкері Юрий Гагарин Лондонда сол кездегі коммунизм авторларының бірі ретінде құрметке ие болған Карл Маркстің зиратына гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Ағылшын жеріне келген ғарыш қаһарманын көзбен көру жергілікті балалар үшін қызықты болған сыңайлы.

12 / 16

Кеңес ғарышкері Юрий Гагаринді Грекия премьер-министрі Константин Караманлис қарсы алып тұр, 1962 жылғы 12 ақпан. Кеңес ғарышкері Афинаның құрметті азаматы атанды.

13 / 16

КСРО ұшқыш-ғарышкері Юрий Гагарин ғарышқа сапарынан кейін демалу үшін Сочи қаласына келді. Юрий Гагарин мен оның әйелі Валентина Сочи әуежайында ұшақ баспалдағымен түсіп келе жатыр.

14 / 16

Юрий Гагарин Финляндияда Кеңес Одағы мен Финляндия арасындағы достық пен ынтымақтастыққа арналған мерекеге қатысып жатыр. Ресейлік ғарышкер Кеми қаласындағы халықаралық жастар лагерінің құрметті қонағы болды.

15 / 16

Адамдар 1961 жылдың 12 сәуірінде Адамзаттың "Восток 1" кемесімен алғаш рет ғарышқа сапары және Жер орбитасына тұңғыш рет ұшуының құрметіне орай Кеңес Одағының ғарышкері Юрий Гагариннің портретін ұстап тұр.

16 / 16

Капри аралының тұрғыны, ол Юрий Гагарин аралда болған уақытта үнемі ғарышкермен бірге ілесіп жүрді.