Донбасс үшін шешуші шайқас

Sputnik
Украина Қарулы күштерінің соғысуға әлдеқайда қабілетті құрылымдары мен бөлімдерін жою, Украинадағы Ресей Қарулы күштерінің арнайы әскери операциясының мерзімін, демилитаризациялау мен денацификациялау қарқының аныққтау ресейлік әскерилердің Донбастағы ауқымды шайқасының мақсаты болып отыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
12 сәуірде РФ президенті Владимир Путин Украинадағы арнайы операция "дұрыс қадам екенін, басқа таңдау болмағанын және мақсатқа қол жететінін" мәлімдеді.
"Украинаны антиресейлік плацдармға айналдыра бастады. Ол жақта көп уақыттан бері нацизм мен неонацизмді одан бетер күшейте бастады", - деді ресейлік көшбасшы.
Мәскеумен қақтығысты болдырмау мүмкін емес еді. Ресей көздеген мақсатына шығынды барынша азайтып жетуге тырысады. Сондықтан РФ Қарулы күштері "қарқынды, бірқалыпты, бастапқыда Бас штаб ұсынған жоспар бойынша" әрекет етеді.
Бір күн бұрын Донецк халық республикасындағы Халық милициясының ресми өкілі Эдуард Басурин Украина Қарулы күштерінің 100 мыңға жуық сарбазы Донбасты қоршауға алу бойынша дайындалып жатқанын хабарлады. Операцияға қатысып жатқан әскерилердің нақты саны белгісіз.
Стратегия мен тактика заңы бойынша шабуылдаушы тарап саны мен сапасы жағынан басым болуы керек. Шайқас ені мен тереңдігі шамамен 200 километр болатын майдан даласында өтеді. Екі тараптан да кемінде 250 мың әскри мен мыңдаған соғыс техникасы қатысады.
РФ Қарулы күштері әскери инфрақұрылым мен укаин әскеріне ғана соққы жасап жатыр. Шайқас уақыты украин әскерилерінің АҚШ мүддесін қорғауға қаншалықты дайын екенін аңғартады. 11 сәуірде мәлімет бойынша күнделікті әскери қақтығыс кезінде бір күнде 1 186 адам көз жұмған. 12 сәуірде тағы 1 144 сарбаз мерт болды, жараланды және тұтқынға түсті.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Ресей Путин мен Зеленскийдің кездесуі жөнінде шешім ұсынды
"Донбас үшін шайқас әлдеқайда қарқынды сипатта, Ресейдің авиациялық жою құралдарын, дәлдігі жоғары зымырандарды, термобарийлік оқ-дәріні жаппай қолдануымен өтеді. Украина Донбастағы қазіргі шекарасын сақтап қалуының өзі үлкен жетістік болып саналады", - деп жазды Александр Хроленко.
Сарапшының пікірінше, Ресей Украинаны жер бетінен жойып жіберуді көздемейді. Күні бұрын Донбаста шайқас кезінде "Кинжал" гипердыбысты зымыран кешенімен Часов Яр елді мекеніне жақын орналасқан Украина Қарулы күштерінің жақсы қорғалған басқару пункті жойылды. Бұған дейін Ресей әскери-ғарыш күштері украин әскерилері үшін Донбасқат жеткізілген қару-жарақ резервін авиасоққы арқылы күл-талқан етті.
Жалпы Ресей Қарулы күштері әскери инфрақұрылымды, броньдалған техниканы, оқ-дәрі қоймасын, жанармай қорын, скери техника шоғырланған орындарды қирапыт жатыр. Ресей әскери-ғарыш күштерінің әуедегі әлеуеті жердегі кез келген әскери нысан мен бекіністерді жоюға қауқарлы. Сондықтан жаяу әскердің зеңбірек алып шайқасқа шығуына ешқандай қажеттілік жоқ.
Дәл төбеден және тылдағы қамсызддандыру жүйелеріне жасалған дәлдігі жоғары соққылар ресейлік әскерилер ұстанып отырған тактикалық әлеует болып отыр. Сондықтан Донбастағы шайқас кезінде қарсылас тарапқа қуатты термобарийлік оеактивті снарядтар мен көлемді детонациялаушы авиабомбалар қолдану ықтималдылығы жоғары. Қақтығыс қарқыны алдағы күндері ұлғая түседі.
"24 ақпанда украин армиясының қатарында 250 мыңнан астам әскери болды. Одан кейін еріктілерді жұмылдыру есебінен бұл көрсеткіш артты. Киев режимі Украина Қарулы күштерінің санын 500-600 мың сарбаз деңгейінде заң түрінде бекіттуді талқылап жатыр", - деді әскери сарапшы.
Сарапшы ұсынған ақпарат бойынша, арнайы әскери операция басталғаннан 12 сәуірдің таңына дейін Украина Қарулы күштерінің басқаруындағы 130 ұшақ, 99 тікұшақ, 443 пилотсыз ұшатын аппарат, 2 139 танк пен басқа да роньдалған машина, 1 158 артиллериялық қару мен жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйе, 244 зениттік зымыран кешенінің көзі жойылды. Қақтығыстың бірінші айында Украина 14 мыңнан астам сарбазынан айырылды.
Ресейдің снаряды мен зымыраны жақын жылдары таусылмайтынына Батыстың көзі жеткен секілді. Украина Қарулы күштерінің 20-шы әскери тобы Мариупольде бір айда қоршауға алынып, қиратылса, Донбастағы украин әскери бөлімшесі де қысқа мерзімде тас-талқан болатынына күмән жоқ. Ал Пентагон украин Бас штабынан Полтава, Днепропетровск, Запорожье ірі қалаларын бекініс ретінде қолдану үшін әскерді шығыстан "екінші қорғаныс аумағына" алып кетуді талап етіп жатыр.
Ресей менУкраина арасындағы диалогта үзіліс жарияланды. Өйткені Украина "әлдеқайда қуатты жеңіспен тойтарыс беруді" жоспарлап отыр. Ал Мәскеу Украинаны демилитаризациялау мен денацификациялауға қол жеткенде, Донецк пен Луганск халық республикаларының тәуелсіздігін мойындағанда және басқа да талаптар орындалғанда ғана бейбіт келісім жасалатынын бірнеше рет мәлімдеді. Сондықтан Киев мейлінше тезірек қазіргі ақиқатты мойындаса, мерт болған украиндер саны соншалық аз болар еді.
"Ресей мен орыстардың көзін жою – ммемлекеттік бағдарлама, Киев режимінің бүгіні мен болашағы. Сондықтан Мәскеу діттеген мақсатына қол жеткізбей қоймайды", - деп түйіндеді әскери сарапшы.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.