Жеңілдетілген автокредит бағдарламасы бекітілді - министр

Министрдің сөзіне қарағанда, көліктің бағасы кредит сомасынан жоғары болса, үстінен ақша қосуға болады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір– Sputnik. Қазақстанда жеңілдетілген автокредит тәртібі бекітілді. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Иә, бүгін бекітілді. 10 миллион, 7 жылға 4 процентпен беріледі. 10 миллионнан жоғары соманы қоса беруге болады. Бірақ оны өз қалтаңыздан төлейсіз", - деді Өскенбаев Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
Айта кетері, бұған дейін кредиттің үстінен қосылатын ақшаның шегі болады делінген.
Себебі жеңілдетілген автокредитпен бюджеттік көліктерді ғана рәсімдеуге жоспар болған.
Бағдарламаның негізгі шарттары: - кредит сомасы - 10 миллион теңге; - жылдық сыйықасы 4 процент; - мерзімі - 7 жыл.
Министрдің сөзіне қарағанда, көліктің бағасы кредит сомасынан жоғары болса, үстінен ақша қосуға болады. Нақты шектеу жоқ.