НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір — Sputnik. Алматының Медеу ауданында ер адамды көлік қағып кетті.
Toyota Corolla маркалы көлік жарығы жоқ Бұхтырма көшесімен келе жатқан. Сол кезде ер адам рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтпек болған.
Медеу ауданында болған жол апаты
© Sputnik / Стрингер
Жүргізуші көлікті тоқтауға тырысқан. Алайда бұл оның қолынан келмеді.
Соққы салдарынан ер адамның денесі бірнеше метр жерге ұшып кеткен. Ол жедел жәрдем келгенше көз жұмды.