Өңірлер

Қазақстанның солтүстігінде жол апатынан жеті адам зардап шекті

Зардап шеккен адамдардың жағдайы орташа ауыр, олардың сүйектері сынып, көптеген жарақат алған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында жол апатынан жеті адам зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жол апаты 10 сәуір сағат 11 шамасында "Петропавл – Жезқазған" республикалық автожолының 911 шақырымында болды.
""ВАЗ-2110" және "Toyota Avensis" көліктері соқтығысқан. Соның салдарынан екі жүргізуші мен бес жолаушы зардап шекті. Олар медициналық көмек үшін ауруханаларға жеткізілді", - деді Қызылжар ауданы полиция бөліміндегілер.
Оқиға орнында үш жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеді. Медициналық мекеменің ақпаратынша, зардап шеккендердің жағдайы орташа ауыр, олардың сүйектері сынып, көптеген жарақат алған.
Бұл факті бойынша Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 610-бабы "Адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiктің немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан, көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуы" бойынша материал жиналды.
Оқиға
Бірнеше метрге ұшып кеткен: Алматыда әйелді көлік қағып кетті