Қаңтар оқиғасы

Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Алматы әуежайында 165 қауіпсіздік қызметкері болған

Алматы қаласы әуежайының желілік полиция бөлімінің бастығы ұсталды. Ол өзінің қызметтік міндеттерін орындамады, әуежайды күзетсіз қалдырды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Бас прокуратура ҰҚК-ның Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарындағы департаменттері мен полиция департаменттерін, сондай-ақ Алматы қаласы әуежайын тастап кету фактілері бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы баяндады.
"Бұл органдардың басшылары күдікті ретінде танылды", - деді Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов.
Бұған дейін Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары ұсталғаны хабарланған еді.
Қилымжановтың айтуынша, ол қызметтік қаруды сақтауға жауапты болған. Бірақ жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қару арсеналының бір бөлігінің тоналуына жол берді.
Соның салдарынан 610 қару, соның ішінде автоматтар, тапаншалар мен гранатометтер қылмыскерлердің қолына өтті. Қазіргі таңда 206 қару ғана табылған. Қалғаны – қылмыскерлердің қолында.
"Сонымен бірге Алматы қаласы әуежайының желілік полиция бөлімінің бастығы ұсталды. Ол өзінің қызметтік міндеттерін орындамады, әуежайды күзетсіз қалдырды. Осылайша әуежайды басып алуға жол берді. Салдарынан әуежайға айтарлықтай зиян келді, инфрақұрылымы бұзылды, кәсіпкерлік мүлкі ұрланды, жолаушылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төнді", - деді Қилымжанов.
Оның айтуынша, сол кезде әуежайда 165 қауіпсіздік қызметкері, соның ішінде 40 полицей, 65 шекарашы, 60 авиациялық қауіпсіздік қызметкері болған. Олардың барлығы да шабуылға тойтарыс беру үшін жеткілікті атыс қаруымен қамтамасыз етілген.