Қоғам

Қостанай облысында 200 келіден астам есірткі жойылды

Өртелген есірткі қылмыстық істер бойыша заттай дәлел болған
Sputnik
АЛМАТЫ, 11 сәуір – Sputnik. Қостанай облысында 200 келіден астам есірткі жойылды.
Қостанай облысы полиция департаментінің аумағында заңсыз айналымнан алынған есірткі құралдарын жою акциясы өтті, деп хабарлады Polisia.kz.
Қостанай облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Айгүл Ерадилованың айтуынша, бұл есірткі қылмыстық істер бойынша заттай дәлел болған.
Акцияның мақсаты – халық арасында есірткіге қарсы насихат жүргізу, есірткінің қайталама айналымына жол бермеу.
Іс-шараға Қостанай жоғары политехникалық колледжінің 40-тан астам еріктісі қатысты. Еріктілердің сөзінше, олар мұндай шараға бұған дейін де қатысқан.