НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Бас прокуратура қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерге 12 ұйымдасқан қылмыстық топ қатысқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Арнайы прокурорлар жаппай тәртіпсіздіктерге 12 ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысқанын анықтады. Олардың ішінде ең белсенділері – Жұмагелдиев "Дикий Арман", "Қазақстандықтар" және "Айшуақ-Жантүгел" топтары", - деді Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов.
Айтуынша, ұйымдасқан қылмыстық топтың 23 мүшесі қамауға алынды.
Оның ішінде қылмыс әлемінің 4 серкесі бар.