НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір — Sputnik. Елордадағы Керей мен Жәнібек хандар және Түркістан көшелерінің қиылысында асфальтте үлкен шұңқыр пайда болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазір опырылған асфальттің жан-жағы лентамен және сигнал конусымен қоршалған. Әкімдік тасжолдағы бұл ойықтың не себепті пайда болғанын әзірге айтқан жоқ.
Еске сала кетейік, наурызда елорда әкімі Алтай Көлгінов күн жылынған соң қалада жаңа жол төселіп, ескілеріне жөндеу жүргізілетінін хабарлады.