Ақтөбе облысында жол апатынан жүк көлігінің жүргізушісі көз жұмды

Қақтығыс салдарынан Газель автокөлігі өртеніп кеткен
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Ақтөбе облысында жол апатынан ГАЗель жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.
8 сәуірде Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Қияқты кентінің жанындағы Самара-Шымкент автожолында 38 жастағы ГАЗель автокөлігінің жүргізушісі қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып, Өзбекстан Республикасы азаматының басқаруындағы DAF жүк автокөлігімен соқтығысқан.
Қақтығыс салдарынан ГАЗель автокөлігі өртеніп, жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, ал DAF жүк көлігінің жүргізушісі Әйтеке би ауданының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды