Әлем

Алтын біршама арзандады

Нью-Йорктегі Comex биржасында алтынға арналған маусымдағы фьючерс бағасы 2,9 долларға немесе 0,15%-ке арзандады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Сенімді инвестицияларға арналған балама бағыт ретінде АҚШ мемлекеттік облигацияларының табыстылығы артуына байланысты дүйсенбіде алтын бағасы біршама арзандады, деп хабарлайды РИА Новости.
Дүйсенбі күні таңертеңгі жағдай бойынша Нью-Йорктегі Comex биржасында алтынға арналған маусымдағы фьючерс бағасы 2,9 долларға немесе 0,15%-ке арзандап, троя унциясы үшін 1 942,7 долларды құрады.
Күміске арналған мамырдағы фьючерс 0,03%-ке қымбаттап, бір унция үшін 24,83 долларға жетті.
Бағалы металл бағасына өткен жылғы 2,715% деңгейінен 2,774%-ке дейін өскен US Treasuries онжылдық мемлекеттік облигациялары кірісінің артуы ықпал етіп отыр. Бұл "сын-қатерсіз" инвестициялар ретінде алтынның оң сипатын бәсеңдетіп тұр.
Сонымен қатар, қазір доллардың иенаға қатысты бағамы нығайды, ал оның индексі (АҚШ-тың ірі сауда серіктестерінің алты валютасының қоржынына қатысты бағам) 0,1%-ке ұлғайып, 99,89 деңгейге жетті.
Алтын сынды шикізат тауарларына арналған келісімшарттардың есебі үшін қолданылатын әлдеқайда қымбат доллар оларды басқа валюта иелері үшін қолжетімсіз етіп тұр.
"Соңғы уақытта алтын бағасына қатысты тұрақсыздық байқалады. Бірақ мемлекеттік облигациялар кірістілігінің артуына байланысты доллардың нығаюы бағалы металл құнына айтарлықтай өзгерістер алып келуі мүмкін", - деп жазды Wall Street Journal газеті CMC Markets аналитигі Тина Тэннің сөзін келтіріп.